Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№1 мектеп-гимназия" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
"№1 мектеп-гимназия" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімі

Аудандағы ең алғашқы мектеп

Біздің бүгінде іргелі алтын ұя білім ордамыздың негізі кейбір деректерде 1897 жылы екі кластық орыс сыныбы болып ашылған деседі. Ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің Торғай өңірінде ашқан алғашқы мектептерінің біздің өлкеде жалғасын тапқан тұсы болса керек. 1918 жылдардағы деректер бойынша осы аймақтағы жаңаша білім беретін жалғыз мектеп осы болған. Мектеп сол кезден бері №1 мектеп деген атауын сақтап қалса керек. Алайда, бұл жөнінде көптеген деректер сақталмаған. 
1939 жылы оған Кеңес үкіметінің көсемі В.И.Лениннің аты берілген. Осы тұста мектепте 14 оқушы, 6 ғана мұғалім болған. 1941 жылы мектепті бітірген 12 патриот жастүлек майданға аттанып, қайтып оралмаған.
Мектебіміздің Кеңес үкіметі кезінде аудандағы негізі тірек мектеп болғаны анық. Сондай-ақ, ең сапалы білім беретін білім ордаларының алдыңғы қатарында болған. 
1990 жылы мектепке экпериментті калаң статусы беріледі. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары небір тоқырау заманды бастан кешіргенімен мектептегі білікті ұстаздар білім сапасын төмендетуге жол бермеді. 
1995 жылы мектеп алаңы кеңейіп, жаңа типтегі мектеп статусы берілді.
Ал 1998 жылы мектеп-гимназия статусын алды. Бұл дегеніңіз тәуелсіз еліміздің ұландарын тәрбиелеуде мектеп ұжымының аянбай тер төккенінің белгісі. Себебі, тәуелсіздіктің алғашқы аумалы-төкпелі жылдарында білімнің сапасын түсірмей, білікті мамандарды ұжымдастыра білу оңай емес еді. Аз жалақының өзін мерзімінде ала алмаған көптеген мұғалімдер басқа кәсіп іздеп кетті. Осы тұста мамандығына адалдық танытып, шәкірттерінің білімін шыңдаған білікті басшыларға, ардагер ұстаздарымызға үлкен алғысымызды айтамыз.
2006 жылы мектеп көп бейінді мектеп-гимназияға айналды. Мектептің материалдық-техникалық базасы да, санатты ұстаздар қатары да толықты.

Физика сабағы. Асланов А.Н

Оқу маусымының ашылу салтанаты (80-90жж)

Көркем өнерпаздар байқауының қорытынды концерті. 1978 жыл.

 

1939-2026 жж. мектепте басшылық

Қызметте болғандар

 

Гурская С.Г. - 1901 жылы Черниговская губерниясында туылған. 1919 жылы комсомол, 1921 КПСС қатарына қабылданады. Софья Григорьевна 1938 жылы №1 мектеп құрылысының салынуына белсенді атсалысып, 1939 жылы В.И.Ленин атындағы мектептің директоры болып сайланды. Горком КПК-нің Үгіт насихат бөлімінің меңгерушісі қызметіне шақыртылған 1944 жылға дейін мектеп директорының қызметін атқарды.

Ни В.И. - Қиыршығыстағы балық шаруашылығы институты экономика факультетін тәмамдаған. Василий Иннокентьевич Бөген аудандағы Темірлан орта мектебінің мұғалімі, кейін мектеп директоры қызметін атқарған. 1944 жылы қыркүйек айынан 1947 жылдың ақпанына дейін Леңгір қаласындағы В.И.Ленин атындағы мектептің директоры қызметін атқарды.

Гуляев В.Е. - 1947-1949жж Леңгір қаласындағы В.И.Ленин атындағы мектептің директоры қызметін атқарған. 1949 жылы Чимкент облыстық білім басқармасына ауысып, кейін ҚазССР білім министірінің орынбасары қызметіне дейін жоғарылаған.

Юрченко М.И. – КазПи-дің түлегі. Педагогикалық білім алған мектеп басшысы өзін білімді, өз ісін жақсы білетін маман ретінде көрсете білді. Мария Иосифовнаның басқаруымен мектепте қосымша ғимарат соғылған.

 

Шатунов С.Ф. - 1924 жылы туылған. Ұлы Отан соғысының ардагері, соғысқа дейін мұғалімдік курс аяқтаған. Соғыстан соң №1 орта мектепте алғашқы әскери дайындық мұғалімі ретінде жұмыс атқарды. 1947 жылы Чимкент қаласындағы педагогикалық институтты тарих мамандығы бойынша аяқтаған. 1952 жылы Сергей Федорович №1 орта мектеп директоры қызметіне тағайындалды. 1953 жылы облыста алғашқы болып спорт зал, еңбек кабинеттерін жабдықтады. Бірнеше рет мемлекет тарапынан марапатталды.

Ким Н.Б.- 1915 жылы дүниеге келген. Физика – математика мамандығы бойынша жоғары білім алған. Николай Борисович өз еңбек жолын Түлкібас ауданындағы орта мектепте 1942 жылы физика-математика пәндерінің мұғалімі болып бастады. 1943 жылы аталған мектепте директорлық қызметін атқарады. 1945-1956 жж. аралығында №1 орта мектепке физика пәні мұғалімі қызметін, 1956 жылдан-1976 жылға дейін 20 жыл мектеп директоры қызметін атқарған. Бірнеше дүркін ұстаздар съезінің депутаты, 1962 жылы «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалдарымен марапатталған.

Павлова Л.С. - 1976-1977 жылдары және 1981-1983 жылдары аралығында №1 орта мектеп директоры қызметін атқарған. Педагогикалық ұжымды шебер басқара білген маман ретінде өзін көрсете білген басшы. Людмила Сергеевна басшылық қызметте болған кезде мектеп оқушылары көркем өнерпаздар сайысында «Менің-Отаным ССР» байқауында жүлделі орындарға ие болған.

Шишкина В.В. - 1977-1981 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. Валентина Васильевнаның басқаруымен мектеп ұжымы көптеген жүлделі орындарға ие болған. 1981-1996 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінің әдіскері болып жұмыс атқарды.

Карнаухова Р.К. - орыс тілі және әдебиеті пәнінің маманы. 1983-1987 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарған. Раиса Карповна мектеп директоры қызметін атқарған аралықта мектеп оқушылардың білім сапасы жоғарылады.

Калиниченко Н.Н. - 1932 жылы Шымкент облысы Ленгір қаласында дүниеге келген. Калиниченко Николай Никитич 1987-1989 жылар алығында мектеп директоры қызметін атқарды. Николай Никитич дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, мектеп ұжымын басқаруда ұйымдастырушылыққа білетімен ерекшелене білген. Н.Н.Калиниченконың қарапайымдылығы сондай өзі де көркем өнерпаздар сайысына қатысатын

Туматова И.А. - 1960 жылы Шымкент облысы Төлеби ауданы 1-мамыр селосында дүниеге келген. 1984-1989 жылдар аралығында СПТУ №7 мұғалім қызметін атқарған.
1989-2000 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. Ирина Алексеевна басшылық жасаған кезде №1 орта мектепке 1995 жылы «Жаңа типтегі мектеп», 1998 жылы « Мектеп-гимназия» статусы берілді.

Курбанова Г.Ш. - 2000-2008 жылдары №1 мектеп-гимназия ұжымын басқарды. Мектеп басшысы ретінде сол кездегі орыс тілінде оқитын гимназия сыныптарына бәсекелес келетін қазақтілдін гимназия сыныптарының дамуына өз үлесін қосқан. ҰБТ-леу бойынша Гүлнар Шералықызы мектеп директоры қызметін атқарған жылдары мектеп аудан көлемінде алғашқы үштіктен орын алды. 
Гүлнар Шералықызы 400 орынға арналған жаңа ғимараттың облыстық бюджеттен салынуына ықпал еткен. 2007 жылы мектептің жаңа ғимараты іске қосылды.

 

Ахтаев С.А. - 2008-2010 жылдар аралығында №1 мектеп-гимназия ұжымын басқарды. Сейітхан Ахтайұлы ұжымды басқарған жылдары мектеп түлектері ауданда ҰБТ бойынша I орынға ие болды.
С.Ахтаев басқарған 2010 жылы мектеп республика көлемінде «100 үздік мектеп» қатарына енді. Көркемөнерпаздар сайысында аудан біріншілігінде мектеп алдыңғы қатардан көрінді.

Тезекова Н.Б. - 2010-2024 жылдар аралығында №1 мектеп-гимназия ұжымын
басқарды. Мектеп 2011 жылы ҰБТ-леу бойынша ауданда І орынды, ал облыс көлемінде «100 үздік мектеп» қатарына енді. 2018 жылы №1 мектеп-гимназиясына «Үздік мектеп» номинациясы берілді. 

Дуйсенбеков Адильбек Лесулы - 2024 жылдан бастап №1 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарып келеді.
2024 жылы мектеп-гимназия ұжымы білім сапасы көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша мектеп аудан көлемінде жоғары деңгей көрсетіп, үздік нәтижелердің қатарынан көрінді.
«Алтын белгі» иегерлерінің орташа балы - 117, ал «Үздік аттестат» иегерлерінің орташа балы - 101 балды құрады.
Сонымен қатар, 2024 жылы №1 мектеп-гимназиясы аудан мектептері арасындағы рейтинг қорытындысы бойынша І орынға ие болып, «Үздік мектеп» номинациясымен марапатталды.

1939-2026 жж. мектепте қызмет атқарған ардагер ұстаздар

КасановХаким Капанович

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері.

Еңбек өтілі 50 жыл

Коверзин Юрий Трафимович

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері. Еңбек өтілі 34 жыл.

Назарова Абиба Назаровна

Бастауыш сынып мұғалімі, Еңбек ардагері. Еңбек өтілі 52 жыл

Ким Алексей Борисович

математика пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 26 жыл.

Ханутина Любовь Михайлова

математика пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 48 жыл.

Гиревец Надежда Ивановна

география пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 37 жыл.

Ибрагимова Екатерина Ивановна

география пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 44 жыл.

Гайнудинова Галина Генадьевна

Тарих пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 25 жыл.

Аманбаева Қызылкуль

Бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 26 жыл.

СпановаКамария

Бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 26 жыл.

Гузенко Татьяна Митрофанова

Тарих пәнінің мұғалімі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, еңбек өтілі 15 жыл.

Ковалева Евгения Захаровна

Бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 33 жыл.

Сапарова Фаина Михайловна

Орыс тілі пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 32 жыл.

Зиганшин Федор Николаевич

Еңбек пәнінің мұғалімі, аудандағы көлік жүргізу ісінің дамуына үлкен үлес қосқан еңбек өтілі 30 жыл.

Афанасьев Геннадий Александрович

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 33 жыл.

Казиева БотагозКаировна

Неміс тілі пәнінің және орыс мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі еңбек өтілі 37 жыл

Жүнісбекова Майнаш

Бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 37 жыл

Макашова Шахизада Жунисбековна

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 27 жыл

Дауова Базаркуль

Бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 23 жыл

Балашова Ляля Саттарова

математика пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 28 жыл.

Кадырова Найля Мудрисовна

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 23 жыл.

Досалиева Сулушаш Ералхановна

биология пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 25 жыл.

Бакжанова Нагима Исламбековна

математика пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 30 жыл.

Қосаев Алибек Қаратайұлы

музыка пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 21 жыл.

Бекмурзаев Уалихан Даутбекович

Тарих пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 23 жыл

Балтабаев СабиржанСабитович

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 29 жыл

Мураушкин Нина Григорьевна

Орыс тілі пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Еңбек өтілі 10 жыл.

Иристаева Мукапат Шерметова

Орыс тілі пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 24 жыл.

Бекмурзаева Тұрсынай Кадировна

математика пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 36 жыл.

Макашева Шахизада Жүнисқызы

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 37 жыл

Момбекова Минуар Исламханқызы

Тарих пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 40 жыл

Көкеева Заурехан Даулеткулқызы

Бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 40 жыл

Мырзакеримова Клара Рыскулбекқызы

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Еңбек өтілі 39 жыл.

Байтасова Нұрила Сәрсенбайқызы

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Еңбек өтілі 42 жыл.

Жумакулова Кенжегуль Балгаевна

Физика пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Еңбек өтілі 39 жыл.

Тукубаева Кульбахар Кыдыровна

Физика пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Еңбек өтілі 37 жыл.