Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№1 мектеп-гимназия" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
"№1 мектеп-гимназия" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімі
Біз туралы

«1 Мектеп-гимназия»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады

Адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтеретіні даусыз.

Мемлекетіміздің жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін қазіргі заманда білім-ғылымға және мәдениетке аса көп назараударатыны, ғылыми прогресті дамыту үшін көптеген жаңашылдық әкеліп, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айқындауы - бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден-бір өзгеріс екені баршамызға айқын.

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан қазақстандық барлық мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің назарында. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңына ғимаратына ғимарат қосылып, жаңарып, техникалық базасы толығып жатқан мектебіміздің жаңа келбеті - ел болашағы жастарымызға жасалған тамаша тарту деп білеміз.

Толығырақ

Пайдалы ресурстар

Біз картада